Атырау облысының ХІІ Азаматтық форумы өтуде

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер" тақырыбындағы ХІІ Азаматтық форумның алғашқы күніне 80-нен астам азаматтық қоғам белсенділері қатысты.

Форумның мақсаты – азаматтық қоғамды дамыту, әріптестік пен ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін қалыптастыру және заманауи цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен қолдану.

Қатысушылар цифрлық платформалар, фандрайзинг, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік сияқты 4 бағыт бойынша семинар-тренингтерге қатысты.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Республикалық деңгейдегі білікті спикерлер "Digital-State: азаматтық қоғам үшін қолжетімді құралдар", "Онлайн донорлықтан смарт-фандрайзингке: жаңа қаржылық мүмкіндіктер", "AI дәуіріндегі азаматтық қоғам: мүмкіндіктер мен тәуекелдер" және "Цифрлық қалқан: ҮЕҰ үшін киберқауіпсіздік және деректерді қорғау" тақырыптарында ақпарат берді.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Форумның екінші бөлігінде қатысушылар 4 әлеуметтік сала бойынша өз жобаларын әзірлеп, көпшілік алдында таныстырды. Барлығы 17 жоба ұсынылып, 50-ден астам белсенді атсалысты.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нәтижесінде мәдениет бағыты бойынша "Infilm" инклюзивті-анимациялық киноакадемиясы", білім және ғылым – "Skill Compass – кәсіби бағдар алаңы", денсаулық сақтау – "Social Батыр" және экология бағытында "Eco Maps" жобасы үздік деп танылды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жеңімпаз жобалардың әрқайсысы 250 000 теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды.

Екінші күні форум аясында ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобаларының көрмесі, пленарлық отырыстар ұйымдастырылады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті