Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 5 қыркүйекте Ақордада салтанатты рәсім өтті. Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ кешенінің ұлттық экономикадағы айрықша рөлін атап өтті. Сөзінен кейін президент бір топ азаматқа мемлекеттік наградаларды өзі табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорда Telegram-арнасында жарияланды:

"Қасым-Жомарт Тоқаев отандық мұнай-газ саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті".

Одан кейін Ақорда сайтында мемлекет басшысы қол қойған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы" Жарлық жарияланды. Құжатқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін азаматтарды марапаттау жөнінде шешім қабылдады.

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен

"Парасат" орденімен

ІІ дәрежелі "Достық" орденімен

"Құрмет" орденімен

ІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен

ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы салтанатты рәсімде сөз сөйлеп, Қытайға жасаған соңғы сапары туралы айтқаны хабарланған болатын. Сондай-ақ президент мұнай-газ саласының болашағы жөнінде де баяндады.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды