Президент Жолдауы: Денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект пен заманауи технологиялар енгізіледі

Сурет: БҚО жұқпалы аурулар ауруханасы
Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында Үкіметке медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылаудың жаңа жүйесін жасанды интеллект негізінде құруды тапсырды. Сондай-ақ ол: "Қазақстан үш жылдың ішінде цифрлық елге айналуы тиіс" деп атап өтті.

Президент стратегиялық маңызы жоғары фармацевтикалық өндірісті дамытудың да ерекше маңыздылығына тоқталды.

Бұл міндеттер денсаулық сақтау саласына, соның ішінде жұқпалы аурулар қызметіне де тікелей қатысты. Ендігі жерде эпидемиологиялық қауіптермен күресумен қатар, заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету негізгі жауапкершілік болмақ.

Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйелер кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Телемедицинаның ауқымы кеңейіп, пациенттерді Face ID арқылы сәйкестендіру жобалары іске қосылуда. Сонымен бірге дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі жолға қойылып, госпитальдық фармация бөлімшелері ашылып жатыр.

"Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында алдағы жылдары жаңа медициналық нысандар салу, қолданыстағы мекемелерді күрделі жөндеу, сондай-ақ аудандық ауруханаларды көпсалалы форматқа көшіру жоспарланған. Тимур Әжіғалиев, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры

Жұқпалы аурулар қызметінің басты мақсаты – халық денсаулығын қорғау.

Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау үшін сала мамандары заманауи технологияларды енгізуді жалғастырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды