Атырау облысында қос өзен мен Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Сурет: gov.kz
Құрманғазыда су тапшылығы салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау туралы тиісті шешімді аудан әкімдігі қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Себеп — Қиғаш пен Шарон өзендері, сондай-ақ Каспий теңізінің теңіз бөлігінде судың деңгейінің күрт төмендеуі. Бұл экологиялық ахуалды қиындатып, балық шаруашылығына және ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізуде.

Су деңгейі төмендеп барады: Қиғаш-Шортанбай гидробекетінде 2024 жылы 379 см болса, 2025 жылдың соңына қарай ол 150 см құрады. Шароновка-Ганюшкино суы 243 см-тен 87 см-ге дейін төмендеді.

Билік арнайы жедел штаб құрды, іс-шаралар жоспары дайындалды және қажетті ресурстар бөлінді.

"Құрманғазы ауданы әкімдігінің жанынан әкімнің орынбасары Марат Хасановтың басшылығымен жедел штаб құрылды. Іс – шаралар жоспары бекітіліп, ТЖ салдарын жою үшін қажетті техникалық және бюджет қаражатының есебі жүргізілуде", - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев.

Мамандар бұл арада 128 шақырым каналдар мен Каспий теңізінің кейбір бөліктерін тереңдету жоспарланып отырғанын, бұл су тасқындары кезінде тұрғындарды қорғауға және балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығын сақтау үшін қажет екенін айтады.


"Бұл кеме қатынасын қалпына келтіруге, балықтардың уылдырық шашатын жерлерге өтуін қамтамасыз етуге және елдімекендерді тасқын су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді", – дейді Жұмағазиев.

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ШЫҰ плюс" саммитінде климат мәселесіне айрықша назар аударып, Каспий теңізінің мүшкіл хәліне тоқталды, аталған жағдай экологиялық апатқа ұласуы мүмкін екенін де айтты.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды