Синоптиктер Орал мен Ақтөбе тұрғындарына қолайсыз метеожағдайға байланысты ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді.

"2025 жылғы 10 қыркүйекте Оралда және Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген сәрсенбі күні Гидрометорталық сайтында жарияланған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – бұл қысқа мерзімді ауа райы факторларының (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, ол атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдар мен өзге де ластану көздерінің маңында жүру уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қантамыр, аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге ұстауы тиіс.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылғы 10 қыркүйекте Астана, Алматы қалаларында және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялаған болатын.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер