Алматыда пәтерді жалға беремін деп тұрғындарды алдаған интернет-алаяқ ұсталды

Фото: freepik
Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері интернет арқылы алаяқтықпен айналысқан жас жігітті ұстады. Ол тұрғындарға пәтерді жалға беремін деген желеумен жалған хабарландырулар орналастырып, алдын ала төлем алғаннан кейін телефонын сөндіріп, ізін суытқан.

Қазіргі уақытта оның бірнеше қылмыс эпизодына қатысы бары анықталып отыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Мұндай қылмыстармен күрес Мемлекет Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Бүгінде интернет азаматтар үшін қолайлы құрал ғана емес, алаяқтар үшін де қылмыс алаңына айналып барады. Сол себепті қала тұрғындарын кез келген онлайн-келісім кезінде аса мұқият болуға шақырамын. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыздар, хабарландырулардың шынайылығына көз жеткізіңіздер және әрқашан сақтық танытыңыздар. Тек осылай ғана өзімізді және жақындарымызды қорғауға болады", – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байгараев.

Полиция ескертеді: егер сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу "102" нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін