Үш елден қатар зейнетақы алғандар: Қазақстанда жауапкершілікке тартылады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 10 қыркүйекте Мәжілістегі брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бір уақытта бірнеше елден зейнетақы алған адамдарға қандай жаза қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, олар үшін жазаның бір ғана түрі бар – заңсыз алынған бюджет қаражатын қайтару.

"Еңбек министрлігінің қолында адамның Қазақстаннан заңсыз кеткен күні, тіркеуден қашан шыққаны немесе елде қай уақыт аралығында тұрмағаны туралы ақпарат жоқ. Шығын көлемін уәкілетті орган – Қаржылық мониторинг агенттігі анықтайды", – деді Жақупова.

Министрдің айтуынша, барлық материалдар тиісті органдарға жолданған, тергеу жүргізіліп жатыр.

"Ең үлкен жаза – өмірінің соңына дейін қаражатты қайтарып отыру. Заң мен тәртіп бүкіл қоғамда жұмыс істеуі тиіс", – деп қосты ведомство басшысы.

Бұған дейін министр кейбір азаматтардың бір мезетте үш елден зейнетақы алып келген фактілерін хабарлаған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін