Оңтүстік Кореяда жұмыс істеу: Еңбек министрлігі 2025 жылдың соңына дейін келісімді ратификациялауға үмітті

Фото: primeminister.kz
2025 жылғы 10 қыркүйекте Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде еңбек етуіне мүмкіндік беретін құжаттың әлі күнге дейін неге ратификацияланбағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Светлана Жақыпова өз ведомствосына бағытталған сынмен келісті.

"Бұл келісімді, оның қол қойылуын біз шынымен создық. Бұған бірнеше себеп бар. Ең алдымен Кореяда болған өзгерістер: президенттің ауысуы, еңбек министрінің ауысуы және басқа да факторлар. Мұның бәрі біраз уақытты алды", – деді ол.

Сонымен қатар министр құжаттың екі жақпен осы жылдың соңына дейін мақұлданатынына үміт білдірді.

Ал Мәжіліс депутаты Нартай Сарсенғалиевтің дерегінше, бүгінде Оңтүстік Кореяда шамамен 16 мың қазақстандық бар, олардың 70 пайызы заңсыз жұмысшы мәртебесінде.

Айта кетейік, 2025 жылғы 9 қыркүйекте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) қазақстандықтардың Кореяға көші-қонына бақылауды күшейтетіні хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты