Бір палаталы Парламент: реформа жөнінде Сенат төрағасы пікір білдірді

Фото: parlam.kz
2025 жылғы 11 қыркүйекте Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палата отырысында елде жоспарланған парламенттік реформа туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

8 қыркүйекте Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Парламентті екі палаталыдан бір палаталыға көшіру жұмыстары басталатынын жариялаған болатын.

"Парламенттік реформа – президенттің Әділетті әрі Күшті Қазақстанды құру жолындағы сарабдал саясатының заңды жалғасы екеніне ешқандай күмән жоқ. Бұл мақсатқа жету үшін демократиялық институттар мен тетіктерді нығайту қажет. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мұндай маңызды өзгерістер тек ашық әрі жан-жақты қоғамдық талқылау негізінде жүзеге асатынын атап өтті", – деді Әшімбаев.

Ол түпкілікті шешім халықтың пікірін ескере отырып, жалпыұлттық референдум арқылы қабылданатынын баса айтты.


"Жалпы, президенттің биылғы Жолдауын біз Қазақстанды жаңа дәуірде жаңғыртудың кешенді жол картасы ретінде қабылдаймыз. Басты мақсатымыз – тәуелсіз мемлекетті одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан президенттің еліміздің тұрақты дамуына бағытталған барлық бастамаларын жүзеге асыру үшін күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет. Бұл жолдағы бірлескен жұмысымыз табысты әрі нәтижелі болатынына сенімдімін", – деп қосты Сенат спикері.
Қазақстан
Әшімбаев Мәулен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты