Алматының Түрксіб ауданында жаңа демалыс аймағы пайда болды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа қоғамдық кеңістік Жас Қанат шағынауданында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында абаттандырылды.

Жоба аясында жол-асфальт жабыны төселді, аумақ көгалдандырылды, жарық бағаналары, сәндік пішіндер, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылды.

Сонымен қатар жаңа аялдама кешені жасалды, қауіпсіздік мақсатында демалыс аймағының айналасына бейнекамералар орнатылды.

Айта кетейік, биыл Түрксіб ауданында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша 32 жоба жүзеге асырылды.

Еске салсақ, бүгінде Алматыдағы аудандардың аумағын абаттандыру және дамыту бойынша өтінім қабылданып жатыр, ол 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Сараптамалық кеңестердің бағалауынан өткен және көп дауыс жинаған жобаларды аудан әкімдіктері 2026 жылы жүзеге асырады.

Қала тұрғындары ұсыныстарын budget.open-almaty.kz. интернет-порталы арқылы жібере алады. Түскен өтінімдерде жобалық ұсыныстың атауы мен сипаттамасы, орналасқан жердің мекенжайы, болжамды фотосуреті немесе эскизі және сметасы көрсетілуге тиіс.

"Халық қатысатын бюджет" жөніндегі кеңесті немесе қажетті ақпаратты Алматының аудан әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауынан 224 39 29 (ішкі 203) телефоны арқылы алуға болады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін