2026-жылдан бастап Ақтөбе әуежайында тасымал еселеп артады

Фото: freepik
2026-жылдан бастап Ақтөбе әуежайы трансмұхиттық лайнерлерді қабылдай бастайды. Сәйкесінше жүк және жолаушылар тасымалы еселеп артады. Қазір мұнда аэро отын құю кешенінің құрылысы басталып жатыр.

Жаңа нысан әуе кемелерін "РТ" және "ТС-1" маркалы отындармен ғана емес, халықаралық сұранысқа ие "Jet А-1" авиаотынымен де қамтамасыз етеді. Бірінші кезеңде көлемі 600 текше метр болатын мобильді отын құю кешені салынады, деп жазады qazaqstan.tv.

Одан кейін негізгі нысан – 20 мың текше метр отын сақтауға арналған резервуар паркі, теміржол құю-түсіру эстакадасы мен диспечерлік орталық бой көтереді. Тартылған инвестиция көлемі 5 миллиард теңгеге жуық. Жобаны "Қазмұнайгаз" Ұлттық компаниясы жүзеге асырады.

Мемлекет басшысы жолдауда әуемен жүк тасымалдау ісіне айрықша назар аудару қажеттігін тапсырған болатын.

"Жүк тасымалын екі есе көбейтуге мүмкіндік береді. Жүк тасымалымен бірге жолаушылар тасымалын да, маршрутная сеть дейді ғой, соны жоғарылатуға ықпал етеді." Дастан Малиев, "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады