Алматылықтарға күмән тудыруы мүмкін "полиция қызметкерлері" туралы айтылды

Фото: Zakon.kz
Алматыда полиция формасын киген адамдар тұрғындардан ақша бопсалаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, өзін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, сол арқылы азаматтардан ақша талап еткен адамдар тобын ұстаған.

"Арнайы операция барысында күдіктілерден "Полицияға жәрдемдесу жасағы" қоғамдық бірлестігінің қолдан жасалған қызметтік куәліктері, қолкісен және ақша тәркіленді. Ұсталғандар өздерін есірткі полициясының қызметкерлері ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, қолма-қол ақша мен аударымдар талап еткен", – деп хабарлады ПД.

Үш күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды, сот санкциясымен қамауға алынды. "Бопсалау" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

"Бұл – биылғы жылы біз полиция қызметкерлері ретінде өзін таныстырып жүрген топтарды үшінші рет ұстаған жағдай. Мұндай фактілер қоғамның сеніміне нұқсан келтіреді, сондықтан біз мұндай әрекеттердің жолын қатаң кесеміз. Алматы тұрғындарын: өзін полиция өкілі ретінде таныстырып жатқан адамның әрекетіне күмәндансаңыздар, бірден 102 нөміріне хабарласуға шақырамын", – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

10 қыркүйекте Алматы полициясы есірткі қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстау кезіндегі қатал әрекеттердің кадрларын жариялады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты