Елімізде суға "паспорт" жасалмақ: цифрлық кадастр іске қосылады

Фото: wikimedia/Мирсаитов Ислам
Zakon.kz хабарлағандай, 2025 жылдың 12 қыркүйегінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда толық паспортизация жүргізілетін цифрлық су кадастры құрылатынын мәлімдеді.

Ведомство атап өткендей, елде "судың қара нарығын" жою бойынша жүйелі жұмыс басталды. Осы мақсатта министрлік Ішкі істер министрлігімен (ІІМ) және Бас прокуратурамен бірлесіп, су пайдалануға бақылауды күшейтуде.

Сондай-ақ "судың қара нарығына" қарсы күрес үшін Суару суын пайдалану қағидаларына, Әкімшілік және Су кодекстеріне қосымша түзетулер әзірленіп жатыр.


"Бұл өзгерістер каналдардан заңсыз су алудың алдын алуға бағытталған. Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесі негізінде вегетацияны цифрлық мониторингтеу жүйесі жасалып жатыр", – делінген ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Бұдан бөлек, мемлекеттік су кадастрын қалыптастыру мақсатында өзендер мен көлдерге паспортизация жүргізуді қайта бастау жоспарланып отыр.

Кадастр аясында еліміз бойынша және әрбір су шаруашылығы бассейні шегінде жерүсті су ресурстарын есептеу және бағалау жүзеге асырылады.

Сонымен қатар Орталық Азия аймақтық гляциология орталығымен бірлесіп, мұздықтар каталогын жасау жобасы қарастырылып жатыр.

10 қыркүйекте Су ресурстары және ирригация министрлігі жақсы жаңалықпен бөлісті: мамандардың айтуынша, Солтүстік Арал күткеннен де жылдам толып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды