Алматы мен Мәскеуді қайтадан пойыз байланыстырады: іске қосылу күні белгілі болды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мәскеуге жиі қатынайтын қазақстандықтар үшін қуанышты жаңалық бар. Сегіз жылдан кейін олар Алматыдан Ресей астанасына тікелей пойызбен бара алады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті:

"Осы жылдың 26 қазанынан бастап "Алматы – Мәскеу" тікелей теміржол бағыты іске қосылады. Вагондар №7/8 "Алматы – Саратов" пойызының құрамында Саратов станциясына дейін барады, одан әрі №85/86 "Дербент – Мәскеу" пойызына тіркеліп, Мәскеу соңғы станциясына дейін қатынайды. "Алматы – Мәскеу" бағытындағы тікелей вагондар күнара қатынайды және бір купе мен бір плацкарттан тұрады. Билеттер bilet.railways.kz сайтында сатылады".

Еске сала кетейік, Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы 2017 жылы тоқтаған болатын.

2025 жылғы 4 қыркүйекте қазақстандықтарға пойыздарда жүк тасымалдау ережелері еске салынған еді.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды