Жанәбілов пен Төлегенованың адвокаты қылмыстық іс қозғау туралы шешімге шағым түсірмек

Сурет: pixabay
Ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың адвокаты Олег Чернов 2025 жылғы 15 қыркүйектегі сот отырысынан кейін олардың қабылданған шешімге шағымдануға ниеті бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлі-зайыптының адвокаты Олег Чернов қабылданған шешімге шағым жасалатынын айтып, олар бұл құқығын пайдаланатынын атап өтті.

"Қабылданған шешімге қатысты қорғау тарапының ұстанымын бәріңіз көрдіңіздер. Біз бұл хаттаманың жол берілмейтін дәлел екенін, оны әкімшілік құқықбұзушылық жасаудағы кінәні дәлелдеу құралы ретінде қолдануға болмайтынын көрсете алдық. Сәйкесінше, соттың айыпты деп тануға негіз болатын дәлелдері болған жоқ. Бар материалдар керісінше, адамның кінәсіз екенін көрсетеді", - деді адвокат.

Оның айтуынша, судья тек қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің бар екенін атап өтті, бірақ бұл ерлі-зайыптының шынымен оны жасағанын білдірмейді.

"Бұл тек прокурор айтқандай, комитет өкілдерінің барлық уәжі толық тексерілмегенін ғана көрсетеді, өйткені ақпараттың өзі жоқ. Олар өз сөздерінде курстардың формалды, жалған екенін айтады, бірақ бұл мәліметті осы процесте тексеру мүмкін емес. Сондықтан қосымша тексеру қажет. Егер қосымша тексеруді құқық қорғау органдары жүргізсе, барлық ақпарат ұсынылып, соңғы шешім қабылданады", - деп толықтырды Чернов.

Бұған дейін Жанәбілов пен Төлегеноваға қатысты материалдар ҚМА-ға қылмыстық іс қозғау үшін жолданғанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды