Алматының Әуезов ауданында жаңа демалыс және спорт аймағы пайда болды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әуезов ауданында №86 үй мен әскери мектеп арасында орналасқан Пятницкий көшесінің бойындағы бос аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды. Оны "Сұлтан құрылыс" ЖШС мердігерлік ұйымы биылғы "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында жүзеге асырды. Бұл туралы Әуезов ауданының әкімдігі хабарлады.

Бұрындары иесіз, бос жатқан жерде бүгінде заманауи демалыс аймағы пайда болды. Мұнда отбасымен серуендеуге, тынығуға болады. Жаңа нысанда балалар мен спорт алаңдары, жаяу жүргінші жолы мен әңгімелесуге арналған аймақтар бар.

Жаңа демалыс аймағына асфальт төселген, заманауи жарық беру жүйесі орнатылып, жайлы орындықтар қойылған. Сегіздік пішінінде жасалған ұзындығы 20 метр болатын ерекше орындық көз тартады. Балаларға арналған кешенде әткеншектер бар, ал ойын алаңы әдемі түрде көмкерілген. Жастар мен ересектер үшін воркаут, тартан жабыны бар тренажер алаңы жасалған.

Аудан әкімдігі атап өткендей, аумақты көгалдандыруға баса назар аударылған. Демалыс аймағына ағаштар мен бұталар отырғызылды, 800 бұтадан табиғи қоршау жасалды, автоматты суару жүйесі іске қосылды.

Жаңа нысан ашық ауада спортпен шұғылдануға, отбасымен бірге серуендеуге арналған ыңғайлы әрі абаттандырылған кеңістікке айналды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды