Алматыда түнгі жаңбырдан кейін 13 көлік зақымданды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әуезов ауданы әкімдігінің хабарлауынша, Аманжол көшесіндегі жағдайға жаңбыр түрткі болған. Ведомство мәліметінше, су жолдағы жүктеменің күрт артуына әкеліп, соның салдарынан ойықтар пайда болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін мердігер компания – "Спецстрой Групп ЛТД" ЖШС мұнда су құбыры мен кәріз жүйесін жүргізген. Жұмыстардан кейін асфальт төселмеген, себебі газ құбырын тарту да жоспарланған болатын.

Қазір көше көлік қозғалысы үшін жабылды. Таңертең зақымданған көліктерді эвакуациялау жұмыстары басталатыны айтылды.

"Сонымен қатар мердігер ұйым зақымданған автокөлік иелеріне шығынды толық өтеуге міндеттеледі. Мәселе Алматы қаласы әкімдігінің бақылауында", – делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін жаңбыр салдары алматылықтарды шошытқаны хабарланған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Ақмола облысында газбен жабдықталған жүк көлігі отқа оранды