Қазақстанда бала туу және бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерлері қандай

Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бала туу және 1,5 жасқа дейін бала күтімі бойынша жәрдемақылар мен төлемдермен қанша адам қамтылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 41,7 млрд теңге сомаға 230,8 мың адам қамтылды, оның ішінде тамыз айында 5,3 млрд теңге сомасын 29,2 мың адам алды.

"Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады",- делінген ақпаратта.

Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 29,1 млрд теңге сомасында орта есеппен 124,3 мың адам қамтылды, оның ішінде тамыз айында 3,7 млрд теңге сомасын 125,8 мың адам алды.

"Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар". ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Министрлік мәліметінше, бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты белгіленеді.

"2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген". ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:

Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады.

Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

"Аталған біржолғы төлемді жыл басынан бері жалпы сомасы 210,6 млрд теңгеге 148,3 мың адам алды, оның ішінде мамыр айында 20 млрд теңге сомасына 18,6 мың адам алды. 2025 жылдың 5 айында тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 500 347 теңгені құрады". ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады.

Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.

"2025 жылдың 8 айында бұл төлем 289,3 млрд теңгеге 170,4 мың адамға тағайындалды. Оның ішінде төлем тамыз айында 19,6 мың алушыға тағайындалды, төлемнің сомасы мамыр айында 35,1 млрд теңгені құрады. 8 айдағы төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері – 87 849 теңге",- деп қорытындылады ведомство.

Бұған дейін Түркістан облысында 13 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмектің заңсыз беру фактісі тіркелгенін жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты