Алматыда ашық аспан астында опера мен балет жауһарлары шырқалады

Фото: akorda.kz
Бүгін, 18 қыркүйек күні, сағат 19:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында "Мұра" атты классикалық музыка кеші өтеді.

Концерт Алматының Қала күні қарсаңында ұйымдастырылып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына әкімдік пен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сыйы болмақ. Театр өз кезегінде 92-маусымын ашып отыр.

Ашық аспан астындағы сахнада Штраус пен Пуччинидің шығармаларынан бастап, Абай мен Хасанғалиевтің әндеріне дейін әлемдік және қазақ классикасының жауһарлары орындалады. Бағдарламада ариялар, романстар және елдің ең таңдаулы дауыс иелерінің шеруі бар. Оларды хор, симфониялық оркестр және балет артистері сүйемелдейді. Еуропа саз өнерінің нәзік өрнегі мен ұлттық әуеннің бай қазынасы тоғысып, өнердің үлкен мерекесіне айналады. Іс-шараға кіру тегін.

Ұйымдастырушылар көрермендерді дәстүрлі классика мен заманауи технологиялардың үйлесімімен таңқалдыруды көздеп отыр. Әр нөмірге футуризм элементтері бар эксклюзивті костюмдер мен ерекше сценографиялық шешімдер дайындалған. Жарық беру эффектілері мен жылжымалы құрылымдар Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ерекше көрініс жасайды. Бұл кеште ұлттық және әлемдік операдан бөлек, әйгілі мюзикл мен балет қойылымдарынан үзінді орындалып, концерт шын мәнінде ұмытылмас оқиғаға айналады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті