Павлодар облысында полицейлер қараусыз мал иелерін анықтады

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысы Ертіс ауданында "Қауіпсіз жол" іс-шарасы барысында автожол бойында қараусыз жайылып жүрген 25 жылқы анықталды.

Полиция қызметкерлері мал иелерін жауапқа тартып, мұндай жағдайдың жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

"Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ертіс ауданы аумағында учаскелік полиция инспекторы Ертіс ауылы маңындағы автожолда қараусыз жайылып жүрген 25 жылқыны анықтады. Бұл жағдай көлік жүргізушілері үшін жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы әбден мүмкін еді.

"Полицияға хабар түскеннен кейін учаскелік инспектор мал иелерін анықтап, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды", – дейді Павлодар облысы Ертіс ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Атығай Айғазинов.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Ертіс ауданында автожолдарда және қараусыз жайылымдарда жүрген 100-ден астам мал арнайы тұрақтарға қамалған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережесін бұзған 76 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз