Паркинг, қазандық және трансформаторлы қосалқы станция: Dragon City тұрғындарының мәселелері қалай шешіледі

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы "Dragon City" тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындар жерасты тұрағын заңсыз қайта сату, қазандықтың жұмысы және жерасты үй-жайында трансформаторлы қосалқы станцияны орналастыру сияқты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Тұрғындар бастапқы жоба бойынша пәтерлер паркингпен бірге сатылғанын айтты. Кейінірек шарттар өзгеріп, көлік орындарының құны 3-тен 10 миллион теңгеге дейін өскен, содан кейін үй-жайлар толығымен коммерцияға айналған. Тұрғындардың пікірінше, бұл бастапқыда ойластырылған сызба болған.

Дархан Сатыбалды жауапты органдарға осындай шешімдердің қалай қабылданғанын, кім рұқсат беріп, құжаттарға кім қол қойғанын анықтауды тапсырды. Ол бұдан былай бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын айтты.

"Іс-қимыл алгоритмі Экономикалық тергеу департаментімен, прокуратура, ТЖ және басқа да қызметтермен бірлесіп әзірленетін болады. Қажет болса, трансформаторлық қосалқы станцияны ауыстырамыз. Ең бастысы – кешеннің 2 жарым мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігі мен өміріне төнетін кез келген қатердің алдын алу", – деді әкім.

Қала басшысы жылыту маусымында қазандыққа қызмет көрсетуді ведомстволық бағынысты ұйым өз мойнына алатынын атап өтті. Ол қыста үзіліссіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін, ал келесі жылы нысан бюджет есебінен жаңғыртылатынын айтты.

Әкім трансформаторлы қосалқы станцияны жерасты үй-жайына орналастыруға қатысты алдымен қауіпсіздік шараларын пысықтауды тапсырды.

Тұрғындар абаттандыру мәселелерін де көтерді. Әкімнің тапсырмасы бойынша ауданда жол белгілері, "көрінбейтін полицейлер" және бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұдан басқа, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасының тетігі арқылы балалар ойын алаңын салу мәселесі де қаралады.

Қазақстан
Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?