Қазақстандық Ресей паспортын алғанын жасырып, сот алдында жауап берді

Фото: pexels
Жамбыл облысында Ресей азаматтығын алған, алайда бұл туралы Қазақстанның уәкілетті органдарына хабарламаған ер адамға қатысты іс қаралды. Оқиғаның мән-жайын 2025 жылғы 24 қыркүйекте облыстық сот мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрар Рысқұлов ауданының сотында ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі ("Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзу") бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

"2025 жылғы сәуірде аудандық полиция қызметкерлері К. есімді азаматтың Ресей Федерациясының азаматтығын және төлқұжатын алғанын анықтады. Алайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғаны туралы уәкілетті органдарға хабарламаған. Сот отырысында азамат К. кінәсін мойындап, Ресей азаматтығын алған кезде оған Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін тапсыру қажеттігі түсіндірілмегенін айтты", – делінген Тұрар Рысқұлов ауданы сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Атап өтілгендей, ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігіне сәйкес, бұл құқықбұзушылық үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу қарастырылған.

"Соттың қаулысымен К. ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 393 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды", – деп хабарлады Тұрар Рысқұлов ауданы сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтарға қос азаматтыққа жол берілмейді. Егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаса, ол 30 күн ішінде көші-қон қызметі органдарына хабарлап, ҚР азаматтығынан айырылу рәсімін тіркеуге міндетті.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты