ЕАЭО аясында тауар импортына ҚҚС-тан босату қағидалары әзірленді

Фото: freepik
Қаржы министрлігі ЕАЭО елдерінен Қазақстан аумағына әкелінген тауарларды жөндеу қызметтерінің тізбесін және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату қағидаларын анықтайтын жобаны әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа Салық кодексін іске асыру мақсатында жобада ЕАЭО мемлекеттерінен Қазақстанға әкелінген тауарларды жөндеу, оның ішінде қалпына келтіру және құрамдас бөліктерін ауыстыру қызметтерінің тізбесі бекітіледі. Сондай-ақ құжатта Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауар импортына қосылған құн салығын салудан босату тәртібі көрсетілген.

Жобаның мақсаты – ЕАЭО елдерінен импортталатын көлік құралдары мен жекелеген тауар санаттарын жөндеу кезінде ҚҚС төлеуден босатудың құқықтық тетігін қалыптастыру. Бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаржылық жүктемесін азайтып, Қазақстандағы сервис және өндіріс салаларын дамытуға ынталандыруға бағытталған.

Күтілетін нәтиже – салықтық жеңілдіктер есебінен кәсіпорындардың шығындарын қысқарту, импортталған тауарларды жөндеу және қалпына келтіру рәсімдерін жеңілдету, қазақстандық компаниялардың ЕАЭО елдері арасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Министрліктің түсіндіруінше, құжат ЕАЭО аумағынан әкелінген тауарларды жөндеу кезінде ҚҚС қолдану мәселелерінде құқықтық айқындық орнатуға, салықтық әкімшілендіру барысында туындайтын даулар мен құқықтық қайшылықтарды азайтуға бағытталған.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 10 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін шетелдіктер төлем қабілеттілігін қалай растайды