Қазақстандықтарға ЭЦҚ қолдану ережелері мен қауіптері ескертілді
Фото: gov4c.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ 2026 жылғы 21 қазанда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланудың маңызды ережелерін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың түсіндіруінше, ЭЦҚ – адамның жеке басын растап, электрондық құжаттарды куәландыратын қолтаңбаның цифрлық баламасы. Оның заңды күші бар және ол мемлекеттік қызметтерді онлайн алу кезінде кеңінен қолданылады.
Алайда ЭЦҚ пайдаланғанда қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды:
- ЭЦҚ кілттерін өзге адамдарға бермеңіз.
- Оларды қорғалған жерде сақтаңыз.
- Күрделі әрі басқа жерде қолданылмайтын құпиясөздерді пайдаланыңыз.
- Кілттердің жарамдылығын үнемі тексеріп, қажет болған жағдайда олардың күшін жойыңыз.
"ЭЦҚ-ны басқа адамға бергені және өзгенің ЭЦҚ-сын пайдаланғаны үшін екі тарапқа да – оны берген адамға да, қабылдап алған адамға да әкімшілік жаза қарастырылған", – деп ескертті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
Бұған дейін Қазақстанда жылжымайтын мүлікке қатысты өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылатыны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript