ЭЦҚ - ны қалай алуға болады: қазақстандықтарға маңызды жайт еске салынды

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 10:26 Фото: gov4c.kz
Zakon.kz хабарлағандай, 2025 жылдың 11 қыркүйегінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу жүйесі жеңілдетілгеніне тура бір ай болғанын еске салды.

Бұған дейін электронды цифрлық қолтаңба кілтін онлайн да, ХҚКО-ға барып та алуға болатын. Ал 11 тамыздан бастап ЭЦҚ беру рәсімі толықтай онлайн-форматқа ауыстырылды.

Осыған байланысты НИТ бейненұсқаулықты тағы да көрсетті:

"Электронды цифрлық қолтаңба – бұл сіздің жеке қолыңыздың цифрлық баламасы. Ол жеке басыңызды растайды және құжаттарды электрондық форматта куәландырады. ЭЦҚ-ның заңды күші бар және ол онлайн мемлекеттік қызметтерді алу үшін кеңінен қолданылады", – деп түсіндірді қазақстандықтарға.

Алайда қауіпсіздік шараларын есте сақтау қажет:

  • ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • оларды қорғалған жерде сақтаңыз;
  • күрделі әрі бірегей құпиясөздер қолданыңыз;
  • кілттердің өзектілігін үнемі тексеріп, қажет болған жағдайда кері қайтарып отырыңыз.
"Бөгде адамның ЭЦҚ-сын беру немесе пайдалану – екі тарапқа да: берген және қабылдаған адамға да әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", – деп қосты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: