Қостанай тұрғындарына 27 қыркүйекте билік нұсқауларын орындау ескертілді

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 27 қыркүйекте Қостанай қаласы мен Қостанай облысында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді. Шара барысында террористік тұрғыдан осал нысандардағы жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Қостанай облыстық терроризмге қарсы жедел штабы азаматтарды оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, көлік пен халық қозғалысына қойылуы мүмкін уақытша шектеулерге сабырлы болуға шақырды.

"Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз", - делінген облыстық терроризмге қарсы жедел штаб хабарламасында.

Сонымен қатар тұрғындарға ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәлімет таратпау ескертілді.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған