Көлік полицейлері Ақмола облысының тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Көкшетау көлік прокуратурасымен бірлескен іс-шара барысында Ақмола облысының 52 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде оның үй ауласынан құрамында есірткі бар өсімдіктер – марихуананың 472 бұтасы табылып, тәркіленді.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы 72 келіге жуық болды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін