Қарағандыда төтенше жағдай: тірек пунктінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз полицей табылды

Фото: Zakon.kz
Қазнетте Қарағандыдағы бір тірек пунктінен әйелдің мәйіті және ес-түссіз жатқан полицей табылғаны туралы ақпарат тарады. Zakon.kz тілшісі бұл жағдайға түсініктеме алу үшін Қарағанды облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне жүгінді.

Ведомство 2025 жылғы 1 қазанда бұл деректі растады.

Ресми мәліметке сәйкес, қаладағы полицияның бір тірек пунктінде түнде әйелдің мәйіті табылған. Сондай-ақ сол жерде ес-түссіз жатқан полиция қызметкері анықталып, ол ауруханаға жеткізілді.

Өңірлік ПД бастығы Нығмет Исмағұловтың айтуынша, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталуда", – деді Нығмет Исмағұлов.

Сонымен қатар объективті тексеріс жүргізу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

"Қызметтік тергеу тағайындалды. Барлық әрекеттер мұқият тексеріліп, кінәлі тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылады", – деп қосты ол.

Исмагулов сөзінің соңында азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды.

Еске сала кетсек, 2025 жылғы 31 тамызда Қарағанды облысының Топар кентінде Ішкі істер министрлігіне қарасты арнайы күзет қызметінің (УССО МВД) қызметкері әріптесін атып өлтірген болатын. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды