Атырауда өзге облыс тұрғыны есірткімен ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Қарасора-2025" және "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында синтетикалық есірткі заттарын таратуға қатысы бар 41 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында одан жалпы салмағы 312 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының 3-бөлігінің 1-тармағына және ҚПК-нің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен ғана дәлелденген жағдайда анықталады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін