Алматының бірнеше ауданында жарық сөнді

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 2 қазанда Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуезов және Бостандық аудандарының кейбір тұрғындары жарықсыз отыр. "Алатау жарық компаниясы" АҚ мәліметінше, Дубок, Таугүл, Таугүл-1, Таугүл-2, Таугүл совхозы, сондай-ақ 8, 10, 11-шағынаудандарда жоғары вольтты кабель желісі апатты түрде ажыратылған.

"Көрсетілген барлық мекенжайда электр қуаты ажыратылды. Ақауды жою үшін апаттық-қалпына келтіру бригадалары жөнелтілді. Қазір мамандар себебін анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады компания.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарық екі сағат ішінде берілуге тиіс.

Сонымен қатар диспетчерлік қызметке Назарбаев даңғылы – әл-Фараби даңғылы – Митин көшесі – Елебеков көшесі аумағындағы тұрғындардан да электр қуатының тоқтағаны жөнінде шағымдар түскен.

Қазір 8 (727) 356-99-99 нөмірлі "жедел желі" жұмыс істеп тұр, соған хабарласып, соңғы ақпаратты білуге болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды