Өскеменде жасөспірімдер арасында қылмыс көбейді

Фото: pexels
Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында бұзақылық көбейіп барады.

Тек биыл 64 қылмыс тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 45 пайызға көп. Облыстық Полиция департаментінің мәліметі бойынша жасөспірімдер тәртіпсіздікті негізінен колледж бен мектеп аумағынан тыс жерде жасайды.

Қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың 96 пайызы мектеп оқушылары мен колледж және жоғарғы оқу студенттері, деп жазады qazaqstan.tv.

Келеңсіз жағдайды болдырмау үшін өңірде "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде 5824 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

313 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша жіберілді. Ал 65 адам ата-ана құқығынан айырылды.

Тағы 200 жасөспірім есепке қойылды. Жедел іс-шара барысында мектеп, колледж және университте 5 мыңнан астам құқықтық дәріс өткізілді.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған