Антициклон Қазақстанға -13°С дейінгі аяз әкеледі

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Қазақстандықтарға алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды. "Қазгидромет" РМК дерегінше, 2025 жылғы 4, 5 және 6 қазанда еліміздің басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің айтуынша, тек республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады.

Сонымен қатар еліміз бойынша жел күшеюі, тұман, шығыста – көктайғақ, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болжанған.

"Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы біртіндеп -3+5°С-қа, күндіз +5-15°С-қа дейін көтеріледі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Басқа аймақтардағы температуралық фон:

"Қалған аумақта температурада шамалы ғана ауытқулар күтіледі, айтарлықтай өзгерістер болмайды", – деп қосты синоптиктер.

Мамандардың мәліметінше, 2025 жылғы 3 қазанда кейбір облыстарда -3°С-қа дейінгі үсік күтілсе, басқаларында өрт қаупі жоғары болады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады