Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бақылау күшейтіледі

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Бостандық ауданындағы салынып жатқан тұрғын үй кешендерін аралап көрді.

Ол құрылыс компанияларының басшылығына бекітілген эскиздік жобаларға қатаң сәйкес жұмыс жүргізудің маңызын атап өтті.

"Тұрғын үй кешендерінің құрылысы бекітілген жобаларға сай болуы тиіс. Сіздер тұрғындарға не уәде бердіңіздер, соны орындауларыңыз қажет. Әйтпесе, үйлер пайдалануға берілмейді", – деді Бейбіт Шаханов.

Сонымен қатар, әкім орынбасары барлық инженерлік желілер техникалық шарттарға сай келіп, тек коммуналдық қызметтердің балансына тапсырылуы қажет екенін айтты.

"Соңғы кезде құрылыс салушылар инженерлік желілерді басқарушы компанияларға өткізіп, кейін олардан бас тартатын жағдайлар жиілеп кетті. Мұның салдары – тұрғындар үшін қосымша шығын, ал қалалық қызметтер бұл мәселелерді өз күшімен шешуге мәжбүр. Мұндайға жол берілмейді, заң бұзған компанияларға қатаң шаралар қолданылады", – деді ол.

Аралау қорытындысы бойынша тиісті басқармаларға осы бағыттар бойынша бақылауды күшейту, сондай-ақ тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру алдында абаттандырудың, көгалдандырудың және ғимараттарды жарықтандырудың сапасын тексеру тапсырылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді