Құрылыс кодексін әзірлеуге 363 миллион теңге бөлінді – Ерсайын Нағаспаев

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 8 қазан 2025 жылы, Мәжіліс Құрылыс кодексі жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Кейін кулуарда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев құжатты әзірлеуге бюджеттен бөлінген қаражат көлемін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бастапқыда кодексті әзірлеу үшін байқау өткізу жоспарланған. Сол кезде ұсыныстар Әділет министрлігінің еншілес ұйымдарынан, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасынан және жеке компаниялардан түскен. Ұсынылған баға 1 миллиард теңге шамасында болған.

"Жалпы Құрылыс кодексін әзірлеуге 363 миллион теңге бөлінді. Бұл бағытта бірқатар сұрақтар мен тексерулер болды. Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік аудит комитеті тексеріс жүргізіп, қаржылық заңбұзушылықтар анықтамады. Тек техникалық сипаттағы қате тіркеліп, тиісті қызметкер жауапқа тартылды", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Айта кетсек, жаңа Құрылыс кодексі – құрылыс және қала құрылысы саласындағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған тұжырымдамалық құжат болмақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін