Ақмола облысында бақылаусыз мал жаюдың 1800-ден астам жағдайы тіркелді

Фото: primeminister.kz
Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, Ақмола облысында малдың кесірінен жол-көлік оқиғалары тіркелуде.

2025 жылдың басынан бастап жануарларға байланысты алты ЖКО тіркелді. Салдарынан екі адам қаза тауып, 16 адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Осындай оқиғалардың бірі 7 қазанда болды. Ерейментау ауданында полицияның кезекші бөліміне Торғай ауылы бағытындағы Ерейментау қаласына апаратын жолдағы ЖКО туралы хабарлама келіп түсті.

Трассаның 7-шақырымында Қоянды ауылына бара жатқан Toyota Caldina көлігінің жүргізушісі кенеттен өтіп бара жатқан жылқыға соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы жеңіл дене жарақатын алды. Қазіргі уақытта полицейлер жануардың иесін анықтау бойынша тексеру амалдарын жүргізуде.

27 қыркүйекте Тассуат ауылының маңындағы жолда және 28 тамызда Жезқазған – Петропавл бағытындағы Гастелло ауылының аумағында да дәл осындай жағдайлар тіркелді.

Полицейлердің айтуынша, басты мәселе – жануарлардың көпшілігінде сәйкестендіру белгілері жоқ және чиптен өтпеген. Ветеринарлар полицейлермен бірге оқиға орындарына барып, иесіз жануарлардың иелерін анықтау үшін жақын маңдағы елді мекендерді зерттеді.

Алайда сәйкестендіру белгілерінің болмағандықтан жануарлардың иесін анықтау қиынға соғады. Жыл басынан бері өңірде жануарлардың бақылаусыз жайылуына жол берген 1801 мал иесі жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және жануарларын мұқият бақылауға шақырады. Бақылаусыз мал жайылымы – бұл жол қозғалысындағы жүргізушілер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады