Абай облысындағы жасөспірім бойына дарыған өнерімен талайларды таңдай қақтырды

Сурет: Абай облысы әкімдігі
Абай облысы Аягөз ауданындағы №5 мектептің 7-сынып оқушысы Әлихан Салихан ұлттық қолөнерге ерекше қызығушылық танытып, қамшы өрудің 15 түрін меңгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатарластары гаджетке үңіліп отырған заманда Әлихан ата-баба мұрасын жаңғыртып, қамшы өрудің күрделі техникасын өз бетімен үйренген. Облыс әкімдігінің ақпаратынша, бүгінде ол дойыр, өрме, сегіз өрім, тобылғы сапты, шынжыр баулы, алақанды және сәндік қамшы түрлерін жасай алады.

"Қамшы — жай ғана бұйым емес, бұл — тарих, тәрбие және рух. Әр өрімді жасаған сайын ата-бабаларымыздың өмір салтын, батырлық болмысын көз алдыма елестетемін", — дейді жас шебер.

Әлихан бұл өнерге бала күнінен әкесінің ісіне қызығып бет бұрған. Қазір ол тек қамшы өрумен шектелмей, оның шығу тарихы мен аймақтық ерекшеліктерін зерттеп, дәстүрлі тәсілдерді қазіргі заманға бейімдеп қайта жасайды.

Жетекшісі – Мұхит Бұршақбаев.

Сурет: Абай облысы әкімдігі

Бұған дейін Ақтөбе облысында 15 жасар қазақстандық футболшы қайтыс болғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған