ІІМ: Есірткі қылмысы үшін жауапкершілік 16 жастан басталады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік жасын төмендету көзделмеген. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бахытжан Әмірханов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2025 жылдың басынан бері ел бойынша 61 кәмелетке толмаған "закладчик" ұсталған.

"Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда сәл жоғары. Ұсталғандардың ішінде 40-ы колледж студенті, 10-ы мектеп оқушысы", – деді Әмірханов.

Спикер еске салғандай, Қазақстанда есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап белгіленген.

"Есірткі сату да осы санатқа кіреді. Кейде қоғамда жасы 13-ке дейін төмендетілсін деген пікірлер айтылады, бірақ бұл — жекелеген көзқарастар ғана. Мұндай шара тек аса ауыр қылмыстарға қатысты болуы мүмкін. Ал есірткі сату үшін жауапкершілік 16 жастан басталады және оны төмендету жоспарланбайды", – деп атап өтті ІІМ өкілі.

Еске сала кетсек, бұған дейін ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк Павел Дуровтың Көлсай көлінде шомылуына қатысты жауапкершілік мәселесіне түсініктеме берген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған