Химиялық кастрация: педофилдерге препараттың әр дозасын кім және қалай бақылап береді

Фото: unsplash
Бұған дейін педофилдерге химиялық кастрация бостандыққа шығардан 6 ай бұрын жасалатыны хабарланған болатын. Zakon.kz тілшісі осы процестің қалай жүретінін және мұндай шараның тиімділігі қандай екенін сараптап көрді.

Бұл азғындықтан құтылудың нақты жолы ма? Шын мәнінде – жоқ, және оған бірнеше себеп бар. Оның біріншісі – препараттың әсері қайтымды екені.

Денсаулық сақтау министрлігі былай деп түсіндірді:

"Препаратты тұрақты түрде енгізіп отырса, клиникалық әсері әдетте 3–5 аптадан кейін байқалады. Алайда антиандрогендік препараттың әсері қайтымды. Яғни, жыныстық құмарлықтың қанша уақытқа дейін төмендейтіні — әр адамның жеке ерекшеліктеріне байланысты".

Екінші себеп — қылмыскердің препарат қабылдаудан бас тартуы. Мұндай жағдай сирек болса да, болуы мүмкін. Иә, сот шешімінің орындалуын бақылайтын тетіктер бар.

Бірінші деңгей: сот шешімінен кейінгі бақылау

"Сот адамға химиялық кастрация түрінде мәжбүрлі медициналық шара тағайындағаннан кейін, ол дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді. Комиссия шешім қабылдаған соң, емхана қолданылатын антиандрогендік препаратты және қарсы көрсеткіштердің жоқ екенін растап, бұл ақпаратты учаскелік психиатрға береді. Психиатр сол негізде әр пациентке жеке кесте құрып, препаратты қаншалықты жиі егу керектігін анықтайды. Содан кейін адам 1-топтағы динамикалық психиатриялық бақылауға алынады. Бұл топ — қоғамға қауіпті әрекеттерге бейім, соның ішінде кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы зорлық жасауы мүмкін адамдарға арналған. Мұндай науқастарды айына кем дегенде 1 рет психиатр тексеріп отырады. Препаратты егу кестесі кемінде 6 айға құрастырылады және ол препараттың ресми нұсқаулығына сай орындалады".

Екінші деңгей: препараттан қасақана бас тартқан жағдайда

"Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" заңының 60-бабы, 1-тармағы, 4) тармақшасына сәйкес, егер біреу құқық қорғау қызметкеріне олардың заңды міндеттерін орындауға кедергі келтірсе, Қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) қызметкерлері мұндай адамға күш қолдануға және арнайы құралдар пайдалануға құқылы. Ал Қылмыстық-атқару кодексінің 130-бабы, 2-бөлігі бойынша, Сот тағайындаған міндетті және мәжбүрлі емнен жалтару — жаза өтеу тәртібін өрескел бұзу болып саналады. Егер адам химиялық кастрациядан толықтай бас тартса, ҚР Қылмыстық кодексінің 427-бабы, 2-бөлігі бойынша — 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қолданылатын препараттың түрі, егу жиілігі және мерзімі — уәкілетті орган мен Бас прокуратураның келісімімен белгіленеді. Бұл процедура Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-262/2020 бұйрығымен реттеледі.

Алайда препараттың әсерінен айналып өту де мүмкін

Интернетте антиандрогендік препараттың әсерін әлсіретудің жолдары ашық жазылып жүр. Мысалы:

Тіпті химиялық кастрация толық әсер етіп, қылмыскердің жыныстық мүмкіндігі жойылған болса да, ол өзінің ең айлакер және қауіпті құралы — тілі мен сөзіне ие болып қала береді.

Талай қылмыскер балалармен әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп, кейде өзін солардың қатарлас бала ретінде көрсетіп, ал кейде аға, тәлімгер ретінде таныстырып, сенімге кіріп, арбаған.

Ал "педофилдің" нақты бейнесі қандай?

Бұл сұрақ қиын. Себебі әр педофил – қылмыскер емес, әр қылмыскер – педофил емес.

"Педофил – бұл балаларға жыныстық құмарлық сезінетін адам, бірақ бұл сезім қылмыс жасауға алып келмеуі мүмкін. Педофилдер кейде билікке ұмтылады, олардың әрекеті бұрмаланған сексуалдық көзқарас пен қиялдарын жүзеге асырумен байланысты", – деп түсіндірді "Қара бүркіт" мекемесінің психологы.

Енді заң жағына көшейік

Бұған дейін Қазақстанда әйелдер мен балалар арасындағы қылмыс көбейіп келетіндігін жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты