Қазақстан құс жұмыртқасын әкелуге салынған тыйымды ұзартпақ

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда құс жұмыртқасын әкелуге қойылған шектеу ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағына жаңа піскен тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы" бұйрық жобасын дайындады. Құжатқа сәйкес, ел аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жаңа піскен тауық жұмыртқасын бір ай мерзімге әкелуге тыйым салу жоспарланып отыр.

Бұл шектеу барлық көлік түрлеріне қатысты болады. Дегенмен, транзиттік тасымалдаулар мен бір ЕАЭО елінен екіншісіне Қазақстан аумағы арқылы жұмыртқа өткізуге рұқсат етіледі.

Министрлік тыйым енгізу шарасы отандық өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Бұйрық жобасы 21 қазанға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Еске салайық, биыл 9 сәуірден бастап Қазақстанда құс жұмыртқасын әкелуге жарты жылдық тыйым енгізілген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі