Алматының бірнеше ықшамауданында 23 қазанға қараған түні су болмайды

Фото: freepik
Алматы тұрғындарына 22 қазаннан 23 қазанға қараған түні ауызсудың уақытша өшірілетіні туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, инженерлік желілерді ауыстыру және жөндеу жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 22 қазан күні сағат 23:00-ден 23 қазан таңғы 05:00-ге дейін төмендегі аумақтарда су беру тоқтатылады:

Бұдан бөлек, Абай – Алтынсарин – Шаляпин – Саин көшелері шегіндегі аймақта, соның ішінде 6, 7, 10а және 12-ықшамаудандарында су қысымы төмендеуі мүмкін.

Коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындарды техникалық жұмыстардың уақытша қолайсыздықтарына түсіністікпен қарауға шақырады.

Мекеме мамандары су өшірілетін аймақтардың картасын да ұсынды.

Қосымша ақпарат алу және туындаған сұрақтар бойынша 274–66–66 нөміріне хабарласуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы "Қайрат" – "Пафос" футбол матчы қарсаңында 21 қазан күні жолдарда уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлаған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео