Қазақстанда 500-ден астам ауыл спутниктік интернетке қосылады

Фото: pexels
Қазақстанда шалғайдағы елді мекендерді интернетпен қамту мақсатында спутниктік байланыс жобалары жүзеге асырылуда. Бұл туралы 21 қазан күні өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, өзге технологиялармен қамтылмаған аз қоныстанған ауылдарға интернет желісін жеткізу үшін спутниктік жүйелер қолданылады.

"2025 жылдың соңына дейін ел бойынша 504 ауыл спутниктік интернетке қосылады", – деді ол.

Қазіргі таңда Қазақстан нарығында үш оператор спутниктік интернет қызметін көрсетіп отыр.

"2027 жылдың соңына дейін тағы екі компания нарыққа шығуды жоспарлап отыр. Олар бойынша пилоттық сынақтар 2026 жылы өткізіледі", – деп толықтырды министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз етуге 323 млрд теңге инвестиция салынатыны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты