Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, жас ұрпақ – Қазақстанды жаңғыртудың басты қозғаушы күші. 2021 жылы Президент бастамасымен енгізілген "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты 123 жас қазақстандыққа 369 миллион теңге бөлінген.
2024 жылы өңірлік деңгейде 308 миллион теңге сомасына 216 грант беріліп, бизнес, мәдениет, спорт, IT, ғылым және волонтерлік жобаларға қаржылай қолдау көрсетілді.
Сайлау және кадрлық саясатта да жастарға қолдау бар. 2022 жылы партиялық тізімдерде және депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар азаматтарға 30%-дық квота енгізілді.
2023 жылы жастар жасына қатысты шекті межелер 14-тен 35 жасқа дейін кеңейтіліп, мемлекеттік қолдаудың жеңілдіктеріне қол жеткізу мүмкіндігі артты.
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Жастар саясатының маңызды құжаты – 2023–2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы. Оның басты қағидасы – "жастар үшін емес, жастармен бірге". Бұл тәсіл жастарды мемлекеттік саясатты қалыптастыруға тікелей қатысатын серіктеске айналдырады.
Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес пен Президенттік жастар кадрлық резерві осы тәсілдің тиімділігін дәлелдеді: резервке алынған қатысушылардың 80%-ы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда еңбек етуде.
Өңірлерде жастар кеңестері мен кадрлық резервтері құрылып, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытында іс-шаралар жүргізілуде. Соңғы үш жылда жас кәсіпкерлердің саны 12,1%-ға артты. "Ассамблея жастары" жастар қанаты 10 мыңнан астам жас өкілін біріктіріп, мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруда.
Этносаралық келісім мен азаматтық бірегейлік саласында да нақты нәтижелер бар. Елде жүзден астам этностың өкілдері бейбіт өмір сүріп, азаматтардың 95%-дан астамы этносаралық ахуалды тұрақты деп бағалайды.
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2022 жылдан бері кәсіби этномедиаторларды даярлайтын Этномедиация орталығы жұмыс істейді, республикалық ақпараттық-түсіндіру топтары халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта елімізде 80 ақпараттық-түсіндіру тобы белсенді қызмет атқарып, 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-ға жуық қоғамдық құрылымды біріктірген.
Отбасылық құндылықтарды нығайту және жастарды рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге бағытталған "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт", "Адал азамат" және "Салауатты сана" жобалары табысты жүзеге асырылуда.
2025 жылы алғаш рет Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында аудандық деңгейдегі ассамблеялар құрылып, жастар ұйымдары мәдениетаралық диалогты дамытуға өз үлесін қосуда.
Қазақстандағы жастар саясаты мен этносаралық келісім бағытындағы барлық бастамалар елдің тұрақтылығы мен дамуының стратегиялық кепілі болып отыр. Мемлекет жастарды тек қамқорлық нысаны ретінде емес, шешім қабылдау үдерісіне тікелей қатысатын серіктес ретінде қарастыруда, бұл өз кезегінде жаңа көшбасшылар буынын қалыптастырып, Әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік береді.