Қазақстанда жеке сот орындаушыларының жұмысына бақылау күшейтіледі

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 22 қазанда Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар атқарушылық өндірісті жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерді жұмысқа алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, бұл заң жобасы төменгі палата бастамасымен әзірленген.

"Заң жобасының негізгі мақсаты – өндіріп алушының соманы шектеу тәртібі мен мерзімін белгілеу, атқарушылық қызметті техникалық құралдар арқылы тіркеу, жеке сот орындаушыларының қызметіне техникалық бақылауды күшейту, олардың аттестациясы мен лицензиялау талаптарын қатаңдату, сондай-ақ атқарушылық істерді автоматты түрде бөлу жүйесін енгізу және өзге де шараларды жүзеге асыру", – деді депутат Имашева.

Оның айтуынша, аталған бастамалар сот шешімдерін орындау саласын жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал етпек.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Әсел Жанабилованы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына сайлаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды