Алматыда "Жасыл ел" еңбек жасағының маусымы қорытындыланды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда "Жасыл ел" еңбек жасағының жұмыс маусымын жабу рәсімі өтті. Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады.

Биыл жобаға 2 100 жас қатысты. Олар үш ай бойы қаланы көгалдандыру, ағаш отырғызу, көше мен саябақты абаттандыру және тазарту жұмысымен айналысты. Маусым қорытындысы бойынша Алматының қалалық штабы республика бойынша ең үздік штаб атанды.

"Жасыл ел" жобасының биылғы еңбек маусымы мәресіне жетті. Бұл жай ғана жазғы жұмыс емес, мыңдаған алматылық жастың еңбектің қадірін түсінуіне, Отанға қызмет ету рухын сезінуіне ықпал еткен маңызды бастама. Биыл біз Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің 2 100 студентін маусымдық жұмыспен қамтыдық. Жасыл белсенділер күн сайын таңғы мезгілден бастап еңбек етіп, қаламыздың дамуына үлес қосты. Бұған дәлел – Алматы қаласының "Жасыл ел" штабының республика бойынша үздік деп танылуы. Осындай өнімді еңбек жастарға жауапкершілік, тәртіп және командалық жұмыстың құндылықтарын дарытады", – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай бастамалар табиғатты жақсартуға ғана емес, жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыруға да ықпал етеді.

Маусымның жабылуында үздік шыққан 20 жасқа естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысқан мерекелік концертке ұласты.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі