Қазақстандық оқушылардың күзгі демалысы: ата-аналар не білуі керек

Фото: pexels
Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Оқу-ағарту министрлігі "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында күзгі демалысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, өңірлерге жолдады.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 24 қазанда ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады:

Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу: кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі кәсіптің үздік өкілдерімен кездесулер өткізу.

Өмірлік қиын жағдайларға тап болған, үйде оқитын оқушылар үшін: виртуалды экскурсиялар, онлайн жарыстар, психологтармен іс-шаралар, белгілі бір пәндер бойынша кеңес берулер ұйымдастыру маңызды.

Ата-аналармен өзара қарым-қатынас құру: балалармен бірлесіп, мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, экскурсиялар, интернет-марафондар, ата-аналарға арналған конференциялар мен форумдар өткізу.

Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары: құқық қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар органдарының өкілдерін шақырументәрбие жұмыстары және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша кеңес берулер ұйымдастыру.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектептің де, ата-аналардың да басты міндеттерінің бірі. Сондықтан, аталмыш іс-шараларды өткізбес бұрын күзгі демалыс кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына өмір қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау туралы нұсқаулық жүргізу маңызды.

Еске салайық, биылғы оқу жылында күзгі демалыс 27 қазаннан басталып 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнтізбелік күнді құрайды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған