Астанада адам саудасының алдын алу жөнінде дәріс ұйымдастырылды

Фото: pexels
Елордада жастар арасында адам саудасының алдын алу және жезөкшелікпен, жыныстық қанаумен күрес бағытында түсіндіру шарасы өтті.

Іс-шараны Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өткізді. Басқарма қызметкерлері №6 гимназияның жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, адам саудасының түрлері, оның жеке тұлға мен қоғамға тигізетін зардаптары туралы айтып берді.

Дәріс барысында нақты оқиғалар мысалға келтіріліп, адамды алдау жолымен саудаға тартудың қазіргі тәсілдері мен интернет арқылы сенімге кіріп, пайдалану жағдайлары талқыланды.

Полицейлердің айтуынша, адам саудасының құрбандары көбіне өз құқықтарын білмеу немесе көмек сұрауға ұялу себебінен уақытылы құқық қорғау органдарына жүгінбейді. Сол себепті жастарға күмәнді ұсыныстар мен таныстардан абай болу, белгісіз тұлғалармен шетелге жұмысқа бару кезінде келісімшарттарға мұқият қарау қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, құқық қорғау өкілдері жәбірленушілерге мемлекет тарапынан құқықтық және психологиялық көмек көрсетілетінін, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін арнаулы орталықтар мен сенім телефондары бар екенін еске салды. Кездесу соңында қатысушыларға адам саудасының алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

Қазақстанда стратегиялық цифрлық майнинг ережелері әзірленді