Медбике болып қоңырау шалады: Астанада алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

Сурет: pexels
Астанада алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды. Белгісіз адамдар емханалардың қызметкері болып азаматтарға қоңырау шалып, скринингке жазылуды растау үшін телефонға келіп түскен SMS-кодты айтуды сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы NoFake.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында емханалар скринингке шақыру үшін ешқашан SMS-код сұрамайтынын мәлімдеді.

"Соңғы уақытта белгісіз адамдар емхана қызметкерлері ретінде қоңырау шалып, "скринингке жазылуды растау үшін" SMS арқылы келген кодты сұрап жүргені анықталды. Мемлекеттік медициналық мекемелер жазылуды растау үшін ешқашан SMS-код сұрамайды", деп нақтылайды құзырлы ведомство.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы азаматтарды скринингтік тексерулерге шақыру туралы жалған ақпаратқа байланысты алаяқтық оқиғаларының көбейгенін ескертеді. Мұндай кодтар тек цифрлық сервистерге кіру немесе операцияларды растау кезінде қолданылады. Азаматтарға бұл кодтарды ешқашан үшінші тұлғаларға бермеу ескертілді. Ресми ведомство мұндай әрекеттердің медициналық ұйымдарға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеп, азаматтарды бөгде адамдарға растау кодтарын бермеуге ескертті.

Бұған дейін елордалық тұрғын үйлердің біріндегі WhatsApp чатта Юлия есімді келіншек анасының басынан өткен жағдайды баяндаған. Оның айтуынша, анасына өзін емханадан медбике ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, скринингтен өтуге шақырған. Кейін ол "тіркеуді растау үшін SMS-код жібердік, соны айтып жіберіңіз" деп өтінген. Күдіктенген анасы қызына хабарласып, алаяқтардың арбауынан аман қалған.

Денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдар атынан қандай да бір адамдар хабарласып, егер SMS-код сұрайтын болса, олардың алаяқтар болып табылатынын ескертеді.

Бұған дейін "Англияға құлпынай теруге барамын" деп алаяқтар тұзағына түскендер дабыл қағып, көмек сұрағанын жазғанбыз. 300-ден астам қазақстандық "Англиядағы 1 миллион теңгенің жұмысы" туралы сөзге сеніп, әрқайсысы алаяқтар ұсынған жалған келісімшарттарға 750 мың теңгеден берген.

Астана
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты