Зейнетақы жарналарының төлемі: 2026 жылғы 1 қаңтардан не өзгереді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 7 қарашадағы Үкімет қаулысымен міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген қызметкердің барлық айлық табыстары ескерілетіні нақтыланды.

Міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу кезінде келесі төлем түрлері есепке алынбайды:

Салық кодексінің 365-бабында көрсетілген, жеке тұлғаның табысы болып саналмайтын төлемдер;

Төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғаның табысын азайтатын төлемдер.

Міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын төлеуге жұмсалатын шығындар агенттің еңбекақы төлеу қорына жатқызылады.

Жалпы алғанда, түзетулер мына бағыттар бойынша енгізілді:

Осылайша, егер міндетті зейнетақы жарналары немесе міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша берешек мөлшері 6 АЕК-тен асса және ол өтелмесе, агент берешек туралы хабарлама алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына тиісті тұлғалар тізімін ұсынуы тиіс.

Мемлекеттік кірістер органы 6 АЕК-тен асатын берешек пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарламаны агентке жолдайды. Бұл хабарлама Мемлекеттік корпорация арқылы БЖЗҚ-ға аударуға негіз болады.

Хабарлама агентке қолхатпен немесе оны жіберу мен алу фактісін растайтын өзге тәсілдердің бірі арқылы жеткізіледі.

Егер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі 6 АЕК-тен асып, он жұмыс күні ішінде өтелмесе, мемлекеттік кірістер органы агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды