Қазақстанда архив ісін дамытуға арналған заң жобасы екінші оқылымда қаралды

Фото: akorda.kz
Бүгін 2025 жылдың 12 қарашасында Мәжілісте архив ісін дамытуға арналған заң жобасы екінші оқылымда талқыланды. Құжатқа соңғы түзетулер енгізіліп, маңызды жаңа нормалар қосылды.

Заң жобасы архив саласындағы жылдар бойы шешілмей келген мәселелерді реттеуді, архивтерді заманауи талаптарға сай дамытуды және өскелең ұрпақты ақпараттық кеңістіктегі жағымсыз контенттен қорғауды көздейді.

Заң жобасы ұлттық архив қорын қала құрылысы, жобалық-сметалық, тәжірибелік-конструкторлық құжаттар мен сызбалар арқылы кеңейтуді, құжаттарды тұрақты сақтауға қабылдау және цифрлық архивке өткізу тәртібін реттеуді қарастырады. Сондай-ақ, бюджет есебінен жасалған аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналары архивтерге тапсырылады.

Ең басты жаңалық – цифрлық архив туралы жаңа бап енгізілуі. Жергілікті атқарушы органдар ауылдық жерлердегі архив мамандарының лауазымдарын анықтап, оларға жалақыға қосымша 25% үстеме ақы төлеуге мүмкіндік алады.

Қазақстан тарихында алғаш рет мемлекеттік архивтерге "Ұлттық" мәртебесі беріледі. Бұл шешім Парламент пен Үкіметтің елдің тарихи жады мен мәдени мұрасын сақтаудағы архив жүйесінің рөлін күшейтуге бағытталған бірлескен жұмысының нәтижесі. Ұлттық архивтердің қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу кезінде 1,75 еселік үстеме коэффициент қолданылады.

Жоспар бойынша келесі жылы Астана мен Алматы қалаларындағы екі архив "Ұлттық" мәртебесіне ие болады.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды