Елордада полицейлер түнгі уақытта тыныштықты бұзудың алдын алуда

Фото: unsplash
Жыл басынан бері Астанада тыныштықты бұзу бойынша 40 мыңнан астам құқық бұзушылық дерегі тіркелген.

Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр.

Құқық бұзушылар қатарында пәтерлерінде музыка дыбысын қатты шығарғандар, көлік ішінен дыбыс күшейткіштер арқылы әуен қосқандар, түнгі уақытта құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын жүргізгендер бар.

Мәселен, көпқабатты үйдің тұрғыны бірнеше рет ескерту алғанына қарамастан, түнгі сағат 01:00-де үйінде музыка дыбысын қатты шығарып, көршілердің тыныштығын бұзған. Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары тарапынан тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар қала ішіндегі аудандар бойынша тәртіп сақшыларының қатысуымен жедел алдын алу іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қатысты құқықтық түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын тыныштық сақтау ережелерін қатаң ұстануға шақырады. Әсіресе, көпқабатты үйлерде тұратын азаматтардың көршілеріне құрметпен қарап, дауыс деңгейін бақылауда ұстауы – өзара сыйластықтың белгісі.

Тыныштық – бұл жай ғана заң талабы емес, бұл әрбір адамның демалуына, жұмыс істеуіне және денсаулығына қажетті жағдай.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды